Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

22.02.2025, 19:03

Ол көктемде чемпиондық титул үшін төбелесуі керек еді

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды
Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Dar Team командасының бапкері Эдуард Базров «Вестник MMA» YouTube-каналына сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов биыл көктемде чемпиондық титул үшін америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, оның денсаулығы сыр беруіне байланысты UFC Белалға өзге қарсылас тауып берді.

«Бұл жарақат Гэрримен жекпе-жектің кезінде де болған. Біз оны тездетіп жазылады деп ойлаған едік, алайда процесс созылып кетті. Қазір оған әлі де емделу керек. Иә, біз көктемге дейін аяғын емдеп үлгерер ме деп едік, бірақ алда Рамазан айы келе жатыр, ол дәрілерін уақытылы қабылдай алмайды.

Біз асықпай, Шавкаттың толықтай қалпына келгенін күтеміз. Сосын ғана титулдың соңынан қууды жалғастырамыз. Болжам бойынша ол биыл жаздың соңына қарай октагонға оралады», - деді Базров.

Айта кетейік, алғашқы орта салмақта әлем чемпионы Белал Мухаммад мамыр айында аустралиялық Джек Делла Маддаленамен төбелесетін болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам