Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шавкат Рахмонов чемпиондық титулға қашан төбелесетінін айтты

03.03.2025, 15:25

Ол денсаулығын қалыпқа келтірумен әліге дейін әлек болып жатыр

Шавкат Рахмонов чемпиондық титулға қашан төбелесетінін айтты
Getty Images

Аралас жекпе-жектен жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық даңқты файтер Шавкат Рахмонов чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жекке шығатынын айтты.

Камил Гаджиевке сұхбат берген «Nomad» әлі де болса жарақатымен әбігер болып жүргенін жасырмады.

«Белал мен Маддалена арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңетіні маған қызық емес, қайсысы жеңсе де күзде титулын қорғауы тиіс болады. Ал, мен алдымен денсаулығымды қалыпқа келтіруім керек, сол уақытқа дейін дайын болу үшін барымды саламын», - деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов былтыр желтоқсанда UFC-де әлем чемпионы атағы үшін америкалық Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, Белал денсаулығына байланысты октагонға шыға алмай, бұл кездесу биыл көктемге қалдырылған еді. Енді Шавкаттың жарақатына байланысты тағы да өтпей қалды. Есесіне UFC Белалға өзге қарсылас беріп отыр, ол аустралиялық Джек Делла Маддаленамен төбелеседі. Сарапқа Белал Мухаммадтың чемпиондық титулы салынады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам