Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Жарақаты ушығып кетті»: Шавкат Рахмоновтың менеджері мәлімдеме жасады

Бүгін, 00:54

Ол жаздың аяғына дейін бабына келуі тиіс

«Жарақаты ушығып кетті»: Шавкат Рахмоновтың менеджері мәлімдеме жасады
Getty Images

Шавкат Рахмновтың менеджері Саят Әбдірахманов спортшының жарақатына қатысты пікір білдірді. Қазақ файтері бұған дейін Белал Мухаммадпен болуы тиіс чемпиондық титул үшін айқастан бас тартқан болатын.

Менеджер Sport24.ru тілшісіне берген сұхбатында Рахмонов ирландиялық Иан Гэрримен айқаста жарақатын ушықтырып алғанын алға тартты. Сондықтан Рахмонов мамырға дейін толыққанды емделіп үлгермейді екен.

«Бұл аса ауыр жарақат емес, бірақ мамырда өнер көрсетуге мүмкіндік бермей тұр. Бұл жарақат оның карьерасына түбегейлі әсер етеді деп айта алмаймын, дегенмен тайминг бойынша UFC Канадада тағы бір титулдық айқас өткізуі керек болды. UFC Шавкаттың қаншалықты дайын екенін сұрады. Біз де барынша қарастырдық, мамырда шығу үшін тырысып бақтық. Өкінішке қарай, Шавкат мамырға дейін 100 пайыз дайын болып үлгермеуші еді. Сондықтан ол мамырда жекпе-жек өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бізге «ешнәрсе етпейді, қазір басқа біреу төбелессін, ал сен келесі жолы шығасың» деп айтты.

Шавкатқа титулдық айқас алдында тағы бір жекпе-жек өткізудің мәнін көріп тұрған жоқпын. Шавкат онсыз да нөмір бірінші үміткер. Ол бұған дейін чемпиондыққа таласуы керек еді, алайда Белал жарақатына байланысты қатыса алмады. Енді Шавкаттың мүмкіндігі болмай тұр.

Мухаммад – Маддалена жұбының қайсысы жеңетінін көрейік және оның қашан дайын болатынын бақылайық. Күз десе күзде төбелесеміз. Жаздың соңына дейін болса, тіпті жақсы», - деді ол.

Айта кетейік, UFC-де жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Белал Мухаммад мамырда титулын қорғау үшін аустралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жекке шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам