Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Асу Алмабаевтың жеңілуіне не себеп болды? Қазақстандық сарапшы айтып берді

Бүгін, 13:34

Отандасымыздың басты қателігі туралы болжам айтылды

Асу Алмабаевтың жеңілуіне не себеп болды? Қазақстандық сарапшы айтып берді
championat.com

Аралас жекпе-жектен қазақстандық комментатор және сарапшы Исатай Мадиев отандасымыз Асу Алмабаевтың жекпе-жегі туралы пікірін бөлісті. Бұл туралы sportnews.kz жазды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты оқиғасында қазақстандық спортшы алғаш рет жеңіліске ұшырады. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Жекпе-жек барысында Капе Алмабаевтың көзін саусағымен шұқып алды, бірақ төреші бұл сәтті байқамай, жекпе-жекті жалғастыруды бұйырды.

«Әрине, айту оңай ғой, бірақ мен бір нәрсені түсінбедім: неге Асу Капеге ыңғайлы стильде жұдырықтасты? Капе үшін торға арқасын тіреп тұрған қарсыласын ұрғаннан асқан бақыт жоқ шығар. Капенің Асуға қарағанда қаншалықты ірі екеніне назар аударыңыз. Спортшымызға ешқандай мін тақпаймын, бірақ бұл тәуекелге бел буған кездесу болғаны анық еді. Алмабаев ештеңе жоғалтқан жоқ және топ-10-да қалады деп ойлаймын. Бірақ отандасымыздың командасына өзгерістер керек. Ең алдымен, олар жаттығу лагерін ауыстыруы қажет», — деп мәлімдеді Мадиев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам