Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралғысы келеді

10.03.2025, 11:37

Оның статистикалық көрсеткіші ТОП санатына кіреді

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралғысы келеді
Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) өзінің UFC дивизионына қайта оралғысы келетінін жасырмады.

Айта кету керек, Жұмағұлов бұған дейін UFC лигасында өнер көрсетіп, жеті жекпе-жек өктізген және оның алтауында жеңілген.

Өзінің айтуынша, ол соққыларды дәл тигізу (минутына) статистикасы жағынан UFC-де үшінші орында тұр екен (жеңіл салмақта). Бірінші орында – америкалық Джошуа Ван, екінші орында – бразилиялық Джон Линекер.

«Мен бұл дивизионға бұрынғыдан қарағанда дәл қазір көбірек керекпін», - деп жазды Жұмағұлов X әлеуметтік желісінде.

Жалғас соңғы рет былтыр 9 қарашада жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қазақ файтері Словакиядағы Oktagon MMA 63 турнирінде Уэльс өкілі Аарон Абимен төбелесіп, жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам