Дияр – UFC ростеріндегі қазақстандық жалғыз жартылай ауыр салмақ өкілі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай демалыс күндері UFC-дегі өзінің алғашқы айқасын өткізу үшін Лас-Вегасқа барды.
Отандық жартылай ауыр салмақ өкілі (10-0) бразилиялық Брендсон Рибейромен өзара кім мықтыны анықтайды. 28 жастағы Рибейро MMA-ға 2015 жылы келген. Ол 16 жекпе-жекте жеңіп, жетеуінде жеңілген.
UFC-дегі алғашқы жеңісіне 2024 жылдың қараша айында UFC Fight Night 246 қол жеткізді. Ол кезде бразилиялық файтер жерлесі Кайо Мачадоны төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Екеуара кездесу 16 наурыз күні UFC Fight Night шоуы аясында өтеді. Ал бұл кештің басты жекпе-жегінде Марвин Веттори мен Роман Долидзе кездеседі.
Дияр – UFC ростеріндегі қазақстандық жалғыз жартылай ауыр салмақ өкілі. Оған ұсыныс 1 қазан күні – Дана Уайттың Үміткерлер сериясындағы жеңісінен соң жасалды.