ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Қара наймандар дүниеге келетін сияқты»: Қуат Хамитов сүйіктісін тапты

07.04.2025, 09:24

Аралас жекпе-жек шебері әліге дейін болашақ жарын іздеп жүр

«Қара наймандар дүниеге келетін сияқты»: Қуат Хамитов сүйіктісін тапты
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық танымал файтер Қуат «Найман» Хамитов «жаңа құрбысымен» түскен фотосуретін әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің талқысына түсті.

Қуат Таиландтағы демалысында қара нәсілді қызбен бірге фотосуретке түскен. Фото астына «Қара наймандар дүниеге келетін сияқты» деп жазба қалдырыпты. Айта кету керек, Қуат Найман руынан шыққан.

Желі қолданушылары танымал файтердің бұл әзіліне әзілмен жауап беріп жатыр. Көпшілігі оған бақыт тілеуде.

Еске салайық, Қуат Хамитов бірнеше жыл бұрын отандық телеарнаның біріне сұхбат беріп, волейболшы Сабина Алтынбекованы ұнататынын, оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан еді. Алайда, Сабина тұрмысқа шығып, кейін балалы болды. Ал, былтыр Қуат үйленетін пәк қыз таппай жүргенін айтты. Оның пікірінше, қазіргі қыздардың көбі «бұзылып кеткен».

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам