UFC экс-чемпионы Фрэнсис Нганну мотоциклмен адам қағып өлтірді

29.04.2025, 01:02

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

UFC экс-чемпионы Фрэнсис Нганну мотоциклмен адам қағып өлтірді
Global Look Press

Ауыр салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы камерундық Фрэнсис Нганну мотоциклмен адам қағып өлтірді деп жазады Le Bled Parle.

Оқиға Камерунда болған. Спортшы мотоциклмен келе жатқанда алдынан шыққан бойжеткенді байқамай қағып кеткен. Дегенмен, дереу ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қала алмады.

Артынша анықталғаны, қайтыс болған қыз – 17 жастағы Нтсама Брижит Мануэлла есімді жергілікті тұрғын. Нганну оны жерлеу рәсімі мен ауруханаға кеткен шығындарды өз мойнына алған.

Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы қосымша ақпарат таратуға уәде етті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам