Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Эксклюзив! Очоаны жеңген Асу Алмабаев Ройвэлмен немесе Ванмен жекпе-жек өткізуге дайын

Бүгін, 12:42

Қазақ файтері элиталық дивизионда бесінші жеңісіне жетіп отыр

Эксклюзив! Очоаны жеңген Асу Алмабаев Ройвэлмен немесе Ванмен жекпе-жек өткізуге дайын
Olimpbet Arena

Асу Алмабаев Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінен кейін сұхбат берді. Перулік қарсыласын сенімді жеңген ол келесі сынаққа дайын екенін мәлімдеді.

Очоамен кездесу төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аяқталды. Бұл жеңіс Алмабаев үшін промоушендегі бесінші жеңіс болды, ол бір ғана рет жеңілген.

«Кімнің чемпиондық белбеуге лайық екенін анықтау үшін Ройвэлмен немесе Ванмен жұдырықтасуға дайынмын. Джошуа таза күресшілермен кездескен жоқ. Пантожа – таза күресші, ол шығады да Ванды тұншықтырады. Мен өз деңгейімді көрсетемін. Жеңіл салмақтағы үздік 10 спортшының ішіндегі ең мықты күресшілердің бірімін», – деді Алмабаев.

Асудың залға қашан оралатыны, неге дәл Қатарда жұдырықтасқысы келетіні, Манель Капеден жеңілгеннен кейінгі сезімдері және Шавкат Рахмоновтың неге «жекпе-жектерге деген аштығы» оянғаны туралы толық шығарылымды Namys Fighting арнасынан көріңіздер.

Ақпарат көзі: Olimpbet Arena

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам