Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Конордың камбэгі бастала ма? Макгрегор допингке тест тапсырды

31.07.2025, 12:45

Конор Макгрегор жекпе-жекке қайта оралуы мүмкін

Конордың камбэгі бастала ма? Макгрегор допингке тест тапсырды
әлеуметтік желі

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор допингке қарсы тестілеу жүйесіне қайта қосылды. 

Осылайша жанкүйерлерін бірнеше жыл бойы күттірген Макгрегордың жекпе-жекке қайта оралуы шындыққа айналуы мүмкін. Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы қан талдауын тапсырғанын мәлімдеді:

«Бүгін бірінші рет қан тапсырдым – сондықтан иығымда пластырь тұр. Керемет сезімдемін! Формам да жақсы!» – деп жазды Макгрегор.

UFC-дің экс-чемпионы алдағы уақытта ұйым президенті Дана Уайтпен кездесуді жоспарлап отыр. Осы орайда Конор Уайтқа өзінің жеке бренді – Notorious Cigars сигаралары салынған сыйлық қорабын жолдаған.

Еске салсақ, Макгрегор соңғы рет 2021 жылы Дастин Порьемен октагонда кездесіп, сол жекпе-жекте ауыр аяқ жарақатын алған болатын. Содан бері ол ұзақ уақыт бойы емделді.

Бұған дейін Макгрегордың UFC 303 турнирінде Майкл Чендлерге қарсы шығуы жоспарланған еді. Алайда ирландиялық спортшы жаттығу кезінде жарақат алғандықтан бұл кездесуге де қатыса алмады.

Макгрегор октагонға тек 2026 жылдың шілдесінде өтетін, Ақ үй жанындағы UFC турнирінде оралуы мүмкін.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам