Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Ешкімнің басына келмесін»: Шавкат Рахмоновтың қарындасы жол-апатына қатысты пікір білдірді

31.07.2025, 17:19

27 шілде күні спортшының әйелі тізгіндеген көлік аударылып кеткен еді

«Ешкімнің басына келмесін»: Шавкат Рахмоновтың қарындасы жол-апатына қатысты пікір білдірді
instagram.com/sora_rakhmonova_

Танымал UFC файтері Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Сора Рахмонова отбасындағы ауыр жағдайға қатысты пікір білдірді. Үш дүркін әлем чемпионы, жекпе-жек шебері Сора Рахмонова жеңгесінің қиын жағдайда қалғанын айтады.

«Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқандарға Алла разы болсын! Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін. Ертең не боларын бір Алла біледі... Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды. Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын, жандары жәннатта болғай», - деп жазды Сора Рахмонова.

Айта кетейік,  27 шілде күні Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға жолға шыққан. Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлікті өзі тізгіндеген. Көлік Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуек ауылының маңында аударылып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам рөлге ие бола алмаған.

Апат салдарынан 39 жастағы жолаушы З.А. оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы 35 жастағы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына жетпей, жолда қайтыс болған.

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам