Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Танымал әнші Луина Қуат Хамитовтың қандай адам екенін айтты

01.08.2025, 14:55

Хамитов болашақта президенттік сайлауға түскісі келетінін айтқан

Танымал әнші Луина Қуат Хамитовтың қандай адам екенін айтты
Коллаж 1bol.kz

Қазақстандық танымал әнші Луина ММА спортшысы Қуат Хамитов туралы пікірі білдірді. 

«Ол – тік мінезді, өз ойы мен ұстанымы бар адам. Мен оны желіден тыс, камерадан тыс ортада жақсы білемін. Қуат өте тәрбиелі, кішіпейіл. Ол ешқашан менің немесе таныстарымның намысына тиетін сөз айтқан емес. Нағыз қазақтың жігіті. Өз басым қатты құрметтеймін», – деді Луина SPORT+ арнасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Қуат Хамитов еліміздегі спорт саласына қатысты өткір көзқарастарымен жиі көзге түседі. Әсіресе, ол қазақстандық футболшыларға қатысты сыни пікірлерімен белгілі. Сондай-ақ ол болашақта президенттік сайлауға түскісі келетінін айтты.

Танымал спортшы бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қысқасы, мен 2045 жылы президенттікке түсемін деп шештім! Менің олардан қай жерім кем? Кейбіреулер сияқты халқының қанымен байлық жинаған жоқпын! Біздің елге ешқандай реформа көмектеспейді! Бар болғаны – ұрланған ұлттық байлықты қайтарып, оны экономикаға қайта құю керек!» — деп жазды спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам