
Ислам Махачев жоғары салмақ дәрежесіне ауысқан
ММА әлемінің жұлдызы, UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Нью-Йоркте өткен баспасөз конференциясында өзінің досы әрі отандасы Ислам Махачевтің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күнін жария етті.Бұл туралы championat.com жазды.
Нурмагомедовтің айтуынша, Махачев келесі кездесуін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткізеді. Оның қарсыласы – австралиялық Джек Делла Маддалена. Тартысты жекпе-жек 15 қараша күні Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.
Еске сала кетейік, Ислам Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартып, жоғары салмақ дәрежесіне ауысқан болатын. Ал вакантты титулды кейін Чарльз Оливейрамен өткен кездесуде Илия Топурия жеңіп алды.