ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Танымал қазақ спортшысы UFC-ден кетті

Бүгін, 09:16

Мақсат Қайсардың UFC-дегі жолы үлкен үмітпен басталған еді

Танымал қазақ спортшысы UFC-ден кетті
әлеуметтік желі

Этникалық қазақ, Қытайдан шыққан аралас жекпе-жек шебері Мақсат Қайсар (10-5) UFC-ден шығарылды.

Қайсардың UFC-дегі жолы үлкен үмітпен басталған еді. Ол Дана Уайттың «Contender Series» жобасында жеңіске жетіп, әлемдегі ең беделді октагонда өнер көрсету мүмкіндігін иеленген болатын. Ал дебюттік жекпе-жегінде америкалық Стив Гарсияны нокаутқа жіберіп, жанкүйерлер назарын бірден өзіне аудартты.

Дегенмен ары қарайғы мансабы сәтсіз өрбіді. Қатарынан екі рет жеңіліп қалған соң, ол 2024 жылдың көктемінде қайта серпіліп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Бірақ бұл жеңіс оның жағдайын түбегейлі өзгертпеді: кейінгі екі кездесуде тағы да жеңіліс тауып, UFC басшылығы келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қайсардың соңғы айқасы Шанхайда өтті. Бұл жекпе-жекте ол қытайлық Гейдж Янгқа бірауыздан төрешілер шешімімен жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам