
Жекпе-жек Дубайда өтеді
Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов өзінің алдағы жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады.
Белгілі файтер 23 қазанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін ACA 194 турнирінде ресейлік спортшы Анатолий Бойкомен күш сынасады.
«Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов (29-8-2) vs. Анатолий Бойко (12-4)», - деп жазды Қуат Хамитов.
Айта кетсек, бұл кездесу бастапқыда 14 қыркүйекте Алматыда өтуі тиіс еді. Алайда қазақстандық спортшының жарақатына байланысты айқас кейінге шегерілді.
Қуат Хамитов соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, кәсіпқой бокс ережелері бойынша отандасы Нұрберген Шәріповті жеңген болатын. Осылайша, жанкүйерлер көптен күткен «Найманның» ММА аренасына оралуы жақында жүзеге аспақ.