Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Қуат Хамитов өзінен 11 жас кіші қарсыласын жеңіп, сенсация жасады (ВИДЕО)

24.10.2025, 10:27

Сарапшылар бұл кездесуде ресейліктің жеңетініне күмән келтірмеген еді

Қуат Хамитов өзінен 11 жас кіші қарсыласын жеңіп, сенсация жасады (ВИДЕО)
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық атышулы файтер Қуат Хамитов (26-8-2) Дубайда өткен ACA 194 турнирінде ресейлік қарсыласын жеңді.

37 жастағы қазақстандық спортшы бұл жолы 26 жастағы Анатолий Бойкомен (12-4) октагонға шыққан болатын. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланды және соңына дейін өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Қуат Хамитовке берді. Ал, кездесу алдында сарапшылар ресейлік жеңеді деген болжам айтқан болатын.

Осылайша, Хамитов кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал, Бойко болса төртінші рет жеңіліп отыр.

Бұған дейін қазақ файтері ресейлік даңқты «жауынгер» Александр Шлеменкомен (68-17-1) төбелесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам