Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Шавкат Рахмонов «Барыс» орденімен марапатталды

24.10.2025, 14:28

Тоқаев спортшының ел беделін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті

Шавкат Рахмонов «Барыс» орденімен марапатталды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі «Барыс» орденін (ІІ дәрежелі) табыстады.

Марапаттау рәсімі кезінде Мемлекет басшысы спортшының ел имиджін қалыптастыруға және шетелде Қазақстанның беделін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Ол еліміздің шынайы бейнесін қалыптастыруға, Қазақстанды халықаралық деңгейде насихаттауға зор еңбек сіңіріп келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шавкат Рахмонов — UFC ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіби файтер. Ол жартылай орта салмақ дәрежесінде (welterweight) әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген жалғыз қазақстандық спортшы саналады. Рахмоновтың кәсіби көрсеткіші — 18 жеңіс және 0 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам