ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Пэдди Пимблетт Ислам Махачевке сес көрсетті

05.11.2025, 10:23

Ислам Махачев Джек Делла Маддаленамен UFC чемпионы атағын сарапқа салады

Пэдди Пимблетт Ислам Махачевке сес көрсетті
әлеуметтік желі

UFC ұйымындағы жеңіл салмақтың танымал жекпе-жек шебері, британдық Пэдди Пимблетт (23-3), ресейлік чемпион Ислам Махачевке (27-1) қатысты желіде шулы мәлімдеме жасады.

30 жастағы файтер 16 қараша күні Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінде өтетін жекпе-жек алдында аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (18-2) қолдау білдіріп отыр.

«Мен Джектің жеңісін тілеймін. Делла Маддалена - Махачевке қарағанда әлдеқайда мықты файтер. Егер ол жекпе-жек барысында тік тұра алса, Исламды жайпап өтетініне сенімдімін. Шын жүректен соны қалаймын», - деп жазды Пимблетт.

Алайда британиялық спортшы мұнымен тоқтамай Ислам Махачевтің бұған дейін өз атына айтқан сөздеріне де жауап берген.

«Ислам жақында “Пэдди кімді жеңді өзі? Ол титулдық жекпе-жекті Бобби Гринді жеңген соң алды. Ал мен оны сенен де тез жеңдім” деп. Ей, кішкентай ақымақ, соған не дейсің? Жеңіл салмаққа қайта орал! Мен сенің басыңды да мыжып тастаймын!» – деп жазды спортшы.

Нью-Йоркте 16 қараша күні жартылай орта салмақта ресейлік Ислам Махачев аустралиялық Джек Делла Маддаленамен арадағы жекпе-жекте UFC чемпионы атағын сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам