ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді

07.11.2025, 15:07

Маддалена Шавкат Рахмоновпен айқасуды мақсат етіп отыр

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді
әлеуметтік желі

UFC жартылай орта салмағындағы әлем чемпионы Джек Делла Маддалена келесі қарсылас ретінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Аустралиялық файтер бұл пікірін экс-чемпион Исраэль Адесаньяның подкастында айтты. Спортшылар жартылай орта салмақтағы қазіргі жағдайды талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Маддалена алдағы екі аптадан кейін өз белбеуін алғаш рет қорғауға шығады. Оның қарсыласы — жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы Ислам Махачев, ол жоғары салмақ дәрежесіне көтерілгеннен кейін жаңа белесті бағындырмақ. Ал Маддалена бұл кездесуден кейін Шавкат Рахмоновпен айқасуды мақсат етіп отыр.

«Әр жекпе-жек — жаңа тәжірибе. Иә, сен дұрыс айтасың — Исламмен кездесу мені Шавкатқа дайындайды. Бірақ олар — мүлде бөлек спортшылар. Рахмонов биік әрі күшті. Онымен әрқашан айқасқым келді. Ол алғаш рет UFC-де өнер көрсеткен сәттен бастап назар аудардым. Сол кезде-ақ оның бұл ұйымды бағындыратынын түсіндім. Біздің жолымыз түбі түйіседі деп сендім», — деді чемпион.

Маддалена сондай-ақ өзінің Шавкат Рахмонов сияқты әзірге жеңіліп көрмеген қарсыласты жеңуге қабілетті екенін атап өтті.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам