ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Жылдың ең айтулы кездесуі»: Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Бүгін, 15:17

Хамитовтің пікірінше, бұл айқас Қазақстандағы жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырады

«Жылдың ең айтулы кездесуі»: Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды
Коллаж 1bol.kz

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов аралас жекпе-жек әлеміндегі әріптесі Еркебұлан Тоқтармен бокс ережесі бойынша кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді. Хамитовтің пікірінше, бұл айқас Қазақстандағы жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырады.

«Қазақстандағы промоутерлердің турнир ұйымдастыру деңгейінен шынымен де көңілім қалды! Нағыз масштаб қайда, шоу қайда? Бәрі жасанды, бәрі өтірік қой… Жылдың ең айтулы жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар арасындағы кездесу! Бұдан асқан жекпе-жек отандық бокс алаңында болмайды!», – деп жазды «Найман» өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қуат Хамитов кәсіпқой бокста әзірге бір ғана жекпе-жек өткізген, былтырғы қыркүйек айында ол отандасы Нұрберген Шәріповті төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.

Ал Еркебұлан Тоқтар 16 тамызда Қонаев қаласында өткен Octagon 77 турнирінде ирандық Фарзад Гадеримен (18-15) төбелесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, ол ММА-дегі карьерасында 11-жеңісіне қол жеткізсе, Фарзад Гадери 16-рет жеңіліс тапты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам