ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол апаты: ІІМ түсініктеме берді

13.11.2025, 18:42

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол апаты: ІІМ түсініктеме берді
instagram.com/shavkatrakhmonov94

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонова қатысқан жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу ісі аяқталуға жақын екенін айтты.

Қазіргі таңда соңғы кешенді автотехникалық сараптама қорытындысы күтіліп отыр.

«Тергеудің негізгі бөлігі аяқталды. Сараптама нәтижесі шыққан соң, айып тағу немесе істі сотқа жолдау жөнінде шешім қабылданады», – деді Санжар Әділов.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан шеттетіледі.

Естеріңізде болса, жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында болған. Полиция дерегінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігін тізгіндеген Гулайым Рахмонова рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Апат салдарынан екі әйел қаза тауып, спортшының жұбайы мен баласы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Кейін Жамбыл облыстық полициясы оқиға орнынан видео жариялады. Кадрларда аударылған джиптің айтарлықтай зақымданғаны, бір дөңгелектің ажырап кеткені, ал көлік бөлшектерінің жол бойына шашылғаны анық көрінеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам