ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Ұмытып қалғаның қызық екен»: Шавкат Рахмонов Маддаленаға қатаң ескерту жасады

14.11.2025, 09:35

Маддалена «Номад» бірінші нөмірлі үміткер мәртебесінен айырылды деп пікір білдірген

«Ұмытып қалғаның қызық екен»: Шавкат Рахмонов Маддаленаға қатаң ескерту жасады
Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмағындағы чемпион Джек Делла Маддаленаның мәлімдемесіне жауап берді.

Бұған дейін Маддалена «Номад» ұзақ үзіліске байланысты бірінші нөмірлі үміткер мәртебесінен айырылды деп пікір білдірген еді.

«Нақты айту қиын, бірақ дивизион алға озып кетті деп ойлаймын. Белсенді болмасаң — тізімнен түсесің. Шон Брэди өте белсенді, Иэн Гэрри де жиі жұдырықтасады. Бұл жігіттер тоқтамайды. Басқалары үнемі октагонға шығып жатқанда Шавкаттың көш басында қалуы қиын. Белсенділік — шешуші фактор. Ұзақ уақыт шетте қалсаң, артта қаласың. Бұл оңай мәселе емес, бірақ маған UFC кімнің атын айтса — сонымен айқасам», — деді чемпион MMA Fighting басылымына берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов бұл сөздерді елеусіз қалдырмай, X желісінде (бұрынғы Twitter) өз реакциясын жариялады:

«Сенің титулдық мүмкіндікке ие болуыңның жалғыз себебі — менің жарақатым. Бұны ұмытып қалғаның қызық екен. Өзің де оған дейін шамамен 14 ай белсенді болған жоқсың», — деп жауап берді қазақстандық файтер.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы өткізіп, кейін Белал Мухаммадпен титулдық кездесуке шығуы тиіс еді. Алайда алған ауыр жарақаты оны ұзақ уақытқа октагоннан тыс қалдырды. Соның нәтижесінде Мухаммад Маддаленамен айқасып, сенсациялық жеңілістің кұрбаны болды.

Ал 16 қараша таңында (Астана уақытымен) Джек Делла Маддалена UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Ислам Махачевке қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам