Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Ғалымжан Қырықбай Парижде Тедди Ринермен күреседі

02.02.2024, 15:34

Екеуі бұған дейін жарыстарда белдеспеген

Ғалымжан Қырықбай Парижде Тедди Ринермен күреседі
olympic.kz

Дзюдодан бүгін Парижде басталған Гранд Слэм турнирінде аса ауыр салмақта сынға түсетін Қазақстан дзюдошысы Ғалымжан Қырықбай алғашқы белдесуін үш дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринерге қарсы өткізеді.

Жарыс алдында тартылған жеребе бойынша отандасымызға әлемнің үздік дзюдошысы тап келіп отыр. Осылайша Ғалымжанның бұл сындағы алғашқы белдесуі өте тартысты болмақ.

Айта кететін жайт, Ғалымжан Қырықбай қаңтар айында ұлттық құрамамен бірге Шымкентте оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Ал француздың танымал спортшысы маңызды жарыс алдында 2 аптаға жуық уақыт бойы Алматыда жаттыққанын мәлімдеді.

Бұған дейін қос дзюдошы спаррингтік белдесу өткізгені болмаса, ресми жарыстарда жолдары түйіспеген. 

Сондай-ақ, бұл салмақта күретін Ерасыл Қажыбаев та алғашқы кездесуін франциялық Джозеф Терхеске қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам