Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Ресейдің танымал балуаны Өзбекстан азаматтығын алды

02.02.2024, 16:04

Оның салмағында өзбектің мықты балуаны Бекзод Абдурахмонов бар

Ресейдің танымал балуаны Өзбекстан азаматтығын алды
РИА Дагестан

Еркін күрестен 74 келіде Ресей чемпионы атанған шешен балуаны Разамбек Жамалов Париж олимпиадасының қарсаңында Өзбекстан азаматтығын алды. Ол елдің ішкі біріншілігінде күресіп, биыл өтетін төртжылдықтың басты ойындарында күресуді көздеп отыр.

Разамбек Жамалов 2020 жылы Ресей чемпионатында топ жарып, сол жылы Сербияда өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды. Кейін Еуропа чемпионатында жарақат алып, ұзақ уақыт жарыстан шет қалған еді. 

Өзбекстан құрамасында 74 келіде Токио олимпиадасының қола жүлдегері Бекзод Абдурахмонов күреседі. Өзбек спортшысы таяуда И.Ярыгин Гран Приінде қола жүлдегер атанып, сол турнирдің «үздік шетелдік балуан» номинациясына ие болған еді. Ендігі кезекте тегеурінді қос балуан арасында 74 келіде Өзбекстан атынан Парижге баратын балуан анықталуы тиіс.

Ал, Разамбектің Ресейден кетуіне ішкі біріншіліктегі жоғары бәсеке мен ұзақ уақыт үзілістен кейін өткен жылғы әлем чемпионатында топ жарған Заурбек Сидаковтың қайта оралуы түрткі болғаны сөзсіз. Сидаков 2021 жылы Ресей чемпионатының финалында Жамаловпен болған кездесудің соңғы секундтарында есепті теңестіріп, Токио олимпиадасына аттанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам