ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Өзбекстан құрамасынадағы қазақ балуаны Ислам ойындарында жүлде алды

19.11.2025, 10:08

Өзбекстандық балуан Хорватияда өткен әлем чемпионатында чемпион атанған

Өзбекстан құрамасынадағы қазақ балуаны Ислам ойындарында жүлде алды
UWW

Грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсететін этникалық қазақ балуаны Айтжан Қалмаханов Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды.

Қандас спортшы Сауд Арабиясындағы турнирде жаңа салмаққа ауысып, 67 келіде сынға түсті. Осылайша ол өзінің спорттық мансабындағы кезекті айтулы жүлдесіне қол жеткізді. Айтжан қола жүлде үшін күресте Катар спортшысынан басым түсті.

Екі ай бұрын өзбекстандық балуан Хорватияда өткен әлем чемпионатында 63 келіде чемпион атанған болатын. Ол бұл біріншіліктің ширек финалында қазақстандық Ержет Жарылқасынды қапы қалдырды. Осылайша көрші елдегі қазақ балуаны Өзбекстан грек-рим күресіндегі тарихи алтынға қол жеткізді. Оған дейін аталған ел құрамасының классик балуандары әлем чемпионатынан 2001 жылы алтын медаль иеленген болатын.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам