Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары тарихи алтын медалін жеңіп алды

05.02.2024, 01:41

Екінші орын – Қытай, үшінші орын – Мексика

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары тарихи алтын медалін жеңіп алды
olympic.kz

Су спорты түрлерінен Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында синхронды жүзуден техникалық аралас дуэт бағдарламасында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова чемпион атанды.

Қазақстандық спортшылар 228.0050 ұпай жинаған. Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған деп хабарлады Olympic.kz.

Айта кетелік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам