Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қошемет те таусылады»: Бейбіт Ыстыбаев басындағы жағдай туралы айтты

Бүгін, 12:39

Спортшы жас кезінде көп жаттығу жасамағанына өкінетінін атап өтті

«Қошемет те таусылады»: Бейбіт Ыстыбаев басындағы жағдай туралы айтты
әлеуметтік желі

«Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев спорттағы дәуреннің баста мәңгі тұрмайтыны айтты. Бұл туралы спортшы Ләйла Сұлтанқызымен болған сұхбат барысында әңгімеледі.

Қазақ күресінің танымал балуаны спортшының бойында күш-жігері жалындаған сәт ұзақ тұрмайтынын мысал етті. Сондай-ақ, қошемет пен құрметтің де бір күндері түгесілетінін жеткізді.

«Біз өмірбақи 18-25 жастағыдай болып тұра алмаймыз. Спортшылар көп жағдайда чемпион болып тұрамын, қошеметке бөленіп, төрде отырамын деп ойлайды. Бірақ олай емес, уақытша нәрсе. Мен де тура осылай ойладым. Спортшылар деген тез ренжиді, мінезі ауырлау келеді. Біз уақыттың қадірін кеш түсіндік. Уақытында дұрыс жаттығу жасамадық. Сол үшін жасөспірім, жастарда дұрыс нәтиже көрсетпедік. Кейде ұйықтап қалатынмын. Жас кезімде қырсықтау болдым. Себебі өзіме сенімдімін, чемпион болатынымды біліп тұрдым. Бапкердің де сенен басқа ешкімі жоқ екенін сезінесің. Содан кейін дұрыс жаттықпай, жата салатынмын. Бапкерімді «сенің орныңды басатын біреу келеді» деп айтатын. Жыны келетін. Ұрайын десе біз үлкен жігітпіз. Спортшының чемпион болған сәтін көреміз де оның жаттығуын, басқа да қиыншылықтарын, өмірін көре бермейміз», - деді балуан әңгіме барысында.

Жамбыл облысының тумасы Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің 2012, 2015, 2016 жылдардағы чемпионы. Спортшы бұдан бөлек, әлем командалық «Еуразия барысы» турнирінде де топ жарған.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам