Қысқы олимпиада 6-22 ақпан күндері Италияда өтеді
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары кезінде Ресейдің ұлттық символикасын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Бұл тыйым тек Ресейге ғана емес, Олимпиадаға тек бейтарап мәртебеде қатысуға рұқсат етілген барлық елдерге қатысты болып отыр. Мәселе «Тур де Ски» жарысы кезінде трибуналарда Ресей туының пайда болуымен байланысты болып отыр.
4 қаңтар күні ресейлік шаңғышы Савелий Коростелев «Тур де Ски» турниріндегі масс-стартта төртінші орын алған болатын. Мәреге жеткеннен кейінгі марапаттау рәсімі кезінде жанкүйерлер арасынан Ресей туы байқалған еді. Кейін спортшы туды марапаттау рәсімінен соң көргенін растаған.
Қазіргі уақытта ресейлік спортшылар Олимпиадаға бейтарап мәртебеде бірқатар спорт түрі бойынша қатысуға мүмкіндік алып отыр. Олардың қатарында шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, ски-альпинизм және шана спорты бар. Дегенмен әр спорт түрі бойынша қатысушылар саны қатаң шектелген және жеке талаптар қойылмақ.
Қысқы олимпиада ойындары 6-22 ақпан күндері аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.