Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстанда 700 мыңға жуық адам тұрақты түрде бәс тігеді – Қаржы министрлігі

26.01.2026, 17:49

Ал ұтыс ретінде төленген сома 1,2 триллион теңгені құраған.

Қазақстанда 700 мыңға жуық адам тұрақты түрде бәс тігеді – Қаржы министрлігі
Фото с сайта finrussia.ru

Қазақстанда шамамен 700 мың азамат букмекерлік кеңселерде тұрақты түрде бәс тігеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Электронды қаржы орталығында өткен таныстырылым барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы бір жыл ішінде қазақстандықтар жасаған бәс көлемі 1,6 триллион теңгеге жеткен. Ал ұтыс ретінде төленген сома 1,2 триллион теңгені құраған.

«Қайтарым деңгейі шамамен 75 пайызды құрайды, ал қалған 25 пайызы букмекерлік ұйымдардың үлесінде қалады. Яғни, 700 мыңға жуық адам тұрақты түрде бәс тігеді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Ержан Біржанов заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық түсімдер азайғанын атап өтті.

Берілген деректерге сәйкес, букмекерлік бәс тігуге Қазақстандағы ересек тұрғындардың 15-20 пайызы қатысады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам