Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Атақты олимпиадашы ФБР-дың қара тізіміне ілікті

29.01.2026, 11:27

Канада спортшысына кісі өлтіру мен есірткіге қатысты айып тағылған

Атақты олимпиадашы ФБР-дың қара тізіміне ілікті
© Tony Marshall - EMPICS / Contributor / PA Images

2002 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, канадалық сноубордшы Райан Уэддинг өзіне тағылған есірткі трафигін ұйымдастыру айыбын мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды.

Канадалық спортшыға 2024 жылдың қыркүйегінде кісі өлтіруге оқталу және болжамды есірткі саудасына байланысты өзге де қылмыстар бойынша айып тағылған. Ал қараша айында оған федералдық куәгердің өліміне қатысы бар деген қосымша айып тағылған. Аталған куәгер Уэддингке қарсы айғақ беруі тиіс болғаны хабарланды.

Өткен жылдың наурыз айында Райан Уэддинг АҚШ Федералдық тергеу бюросының (ФБР) ең көп іздеуде жүрген он қашқын қылмыскерінің қатарына енгізілген. Тергеу деректеріне сәйкес, оның жетекшілігіндегі топ Колумбиядан Мексика мен Оңтүстік Калифорния арқылы АҚШ пен Канадаға ірі көлемде кокаин тасымалдаумен айналысқан.

Сондай-ақ Уэддинг есірткі қылмыстарымен байланысты бірнеше адам өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазір спортшыға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам