Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті. Өңір басшысы Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды.
Қарағанды облысы үстел теннисі бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Өңірде бұл спорт түрінің қалыптасқан бай дәстүрі бар: мұнда жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері даярланған. Сондай-ақ облыстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларының мүшелері шыққан.