Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Париж олимпиадасының медаль үлгісі жария болды

08.02.2024, 23:32

Төртжылдықтың басты жарысы 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады

Париж олимпиадасының медаль үлгісі жария болды
Фото ашық дереккөзден

Шілде айында басталатын Париж олимпиадасында жүлдегерлерге табысталатын медальдар үлгісі көпшілікке таныстырылды.

Халықаралық Олимпада Комитеті Парижде өтетін Олимпиада және Параолимпиада ойындарының медальдарын көрсетті.

Париждегі Олимпиадада үздіктерге берілетін медальдарда Францияның символына айналған Эйфель мұнарасы бейнеленген. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тони Эстангенің айтуынша, бұл медальдардың бейнесі ерекше әрі қайталанбастай әдемі етіп жасалған.

Жалпы, 1896 жылдан бері Олимпиада ойындарында алтын, күміс, қола медальдар жиынтығы бойынша 36 мың жүлде өз иесін тапқан екен.

Париж Олимпиадасы 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады. 

Әлем мәдениетінің астанасы саналатын қалада Олимпиаданы өткізу туралы шешім 2017 жылдың қыркүйек айында қабылданған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт