Бүгін Сәпиевтің Қарағандыдағы қызметінен босатылғаны мәлім болған
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Серік Сәпиев туризм және спорт министрлігіне жаңа қызметке тағайындалды.
Бұл туралы туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Енді Олимпиада чемпионы Ербол Мырзабосыновтың штаттан тыс кеңесшісі міндетін атқармақ.
«Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі қызметіне тағайындалды. Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президентін қоса атқарады.