Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Олимпиада-2026: екі билет бір билеттің құнымен сатылып жатыр

05.02.2026, 10:31

Бірақ бұл акция жастарға арналған. 

Олимпиада-2026: екі билет бір билеттің құнымен сатылып жатыр
ҚР ҰОК

Milano Cortina-2026 қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары 2026 жылғы 6 ақпанда өтетін ашылу салтанатына билеттер бойынша арнайы акцияны іске қосты. Ұсыныс жастарға арналған және 26 & UNDER атты кампания аясында жүзеге асырылады.

Акция шарттарына сәйкес, 26 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жанкүйерлер Олимпиаданың ашылу салтанатына екі билетті біреуінің бағасына сатып ала алады. Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, бұл бастама Олимпиада күнінің символдық датасына орайластырылып, әлемдік деңгейдегі тарихи спорттық оқиғаны жастар үшін барынша қолжетімді етуге бағытталған.

Айта кетейік, дәл 6 ақпанда Milano Cortina-2026 Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жанкүйерлердің қызығушылығы жоғары болатынын атап отыр.

Ресми хабарламада ашылу салтанатына тікелей қатысудың маңызы атап өтілген:

Олимпиаданың ашылуын өз көзіңмен көрудің әсері бөлек. Бұл – тарихтың бір бөлшегіне айналатын сәт, – делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде.

26 & UNDER акциясы тек белгілі бір жас санатына арналған және тек ашылу салтанатының билеттеріне қолданылады. Ұйымдастырушылар билеттер бағасы мен сатып алу талаптарын Олимпиаданың ресми платформаларынан алдын ала нақтылап алуға кеңес береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам