Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық спортшы әлем рекордын жаңартып, Делиде 2 алтын алды

10.02.2026, 15:31

Үндістанда нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстандық спортшы әлем рекордын жаңартып, Делиде 2 алтын алды
Спортты дамыту дирекциясы

Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті.

Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды. Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358.2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Енді отандасымыз - осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем мен Азия рекордының иесі. Мұнда күміс пен қола Үндістан спортшыларының еншісінде.

Ұлттық құрама спортшылары - София Шульженко, Арина Малиновская мен Елизавета Безрукова ақтық сында өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алды. Осылайша, биылғы құрлық додасында әйелдер командасы толық басымдық көрсетті. Олардың жалпы көрсеткіші - 1760 балл.

Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген аттанды. Қазақстан ересектер құрамасының бас бапкері - Ольга Довгун. Сары құрлық бәсекесі 13 ақпанда мәресіне жетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам