Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайта тірілген»: Рамзан Қадыров «жол апатына ұшырады» деген ұлымен кешкі ас ішті

11.02.2026, 10:34

Осыдан бір ай бұрын оның жол апатына ұшырағаны айтылған. 

«Қайта тірілген»: Рамзан Қадыров «жол апатына ұшырады» деген ұлымен кешкі ас ішті
t.me/RKadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram желісінде ұлы Адам Қадыровпен бірге түскен бейнежазбаны жариялады.

Бейнежазбада Рамзан Қадыровтың қасында Шешенстан басшысының көмекшісі Висмурад Алиев те бар. Үшеуі бір дастарқан басында отыр.

«Қымбатты бауырым, Шешенстан Республикасы басшысының көмекшісі Висмурад Алиевпен және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыровпен кешкі ас. Жалған ақпаратқа қарамастан, «қайта тірілген» Адам», – деп жазды Қадыров.

Рамзан Қадыров бұған дейін де ұлы Адамның жол апатына түскені туралы тараған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын жазған.

Еске сала кетейік, шамамен осыдан бір ай бұрын бірқатар бұқаралық ақпарат құралы Адам Қадыровтың жол апатына ұшырап, шұғыл Мәскеуге жеткізілгенін хабарлаған еді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, оның кортежі жоғары жылдамдықпен қозғалған, ал көлік тізгінінде Адам Қадыровтың өзі болған. Бірақ көп ұзамай Адамның есін жиғаны және өміріне қауіп жоқ екені де айтылды.

Адам Қадыров 18 жаста. Ол – Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2025 жылдың сәуір айында Шешенстан Республикасының Ішкі істер министрлігін қадағалайтын куратор болып тағайындалған. Сонымен қатар ол В.В. Путин атындағы Ресей арнайы мақсаттағы университетіне, сондай-ақ РФ Қорғаныс министрлігіне қарасты Шейх Мансур және Байсангур Беноевский атындағы батальондарға жетекшілік етеді.

Айта кетейік, Адам Қадыров жекпе-жек спорт түрлерімен айналысады және түрлі спорттық жарыстардың жеңімпазы атанған. Ол бокстан өткен «Аңыздар уақыты» турнирінде де топ жарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам