Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Швециялық ағалы-қарындас Италияда Олимпиада чемпионы атанды

11.02.2026, 10:49

Расмус Врано - екі дүркін Олимпиада чемпионы

Швециялық ағалы-қарындас Италияда Олимпиада чемпионы атанды
REUTERS/Jennifer Lorenzini

Швециялық Изабелла мен Расмус Врано керлингтің микст түрі бойынша Олимпиада чемпионы атанды. Финалда олар америкалық Кори Тисс пен Кори Дропкиннен 6:5 есебімен басым түсті.

Осылайша, Олимпиада тарихында алғаш рет керлингтің микст санатында алтын медальді ағалы-қарындас жеңіп алып отыр.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде италиялық Амос Мозанер мен Стефания Константини британиялық Брюс Моуэт пен Дженнифер Доддсты 5:3 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды.

Расмус Врано - екі дүркін Олимпиада чемпионы. Ол 2022 жылы ерлер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алған. Ал оның қарындасы Изабелла Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

Сондай-ақ, словениялық Превцтер отбасы Олимпиада ойындарындағы сегізінші жүлдесіне қол жеткізді. Трамплиннен секіруден Ника Водан, Анже Ланишек, Ника Превц және Домен Превц командалық сында топ жарған болатын. Ника мен Домен Превцтің ағасы Петер бұған дейін 2014 және 2022 жылдардағы Олимпиада ойындарында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған еді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам