Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия чемпионы атанды

11.02.2026, 17:28

Қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия чемпионы атанды
ҰОК

Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты.

50 метрден кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев топ жарды. Сондай-ақ Никита Шахторин де осы сында күміс жүлдегер атанды.

Ал командалық сайыста Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский үздік шықты.

25 метрден жылдам атылатын тапанша бәсекесінде де Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов қарсылас шақ келтірмеді.

Дәл осы сыннан жекелей сайыста Никита Чирюкин күміс медальді еншіледі.

Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген аттанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам