Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Милан Олимпиадасы: қазақстандық биатлоншы қыздар мәреге соңғы болып жетті

11.02.2026, 23:39

Олар нысана көздеу кезінде тоғыз реттен мүлт кетті

Милан Олимпиадасы: қазақстандық биатлоншы қыздар мәреге соңғы болып жетті
Тұрар Қазанғапов

Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары жүлде алатын емес. Бүгін жарыс жолына шыққан биатлоншы қыздар мәрені соңғылардың бірі болып кесті.

Айша Ракишева мен Милана Генева нысана көздеу кезінде тоғыз реттен мүлт кетті. Тиісінше, әрбір қателікке бір минуттан айып уақытын алды. Нәтижесінде екеуі де алғашқы 60 шаңғышының қатарына ене алмай, Ракишева 86-шы, Генева 89-шы болып мәреге жетті. Ал, жарысқа барлығы 90 спортшы қатысқан болатын.

Ал, бірінші орын француз биатлоншысы Жулия Симонға бұйырды. Оның жерлесі Лу Жанмонно күміс жүлдегер атанса, болгар қызы Лора Христова үздік үштікті қорытындылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам