Жерлестеріміз алғашқы финалдық кезеңде үздік сегіздікке кіре алмады.
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы жарыстар аяқталуға жақын. Бұл Олимпиадада алғаш рет қысқы ойындар тарихында ашық түрде трансгендер спортшы бақ сынады.
Шведиялық фристайлист Элис Лундхольм (әйелдер санатында өнер көрсеткен) екінші іріктеу кезеңінде 59,22 ұпай жинап, 25-орын алды. Осылайша ол финалға өте алмады.
Айта кетейік, Лундхольм қыз болып дүниеге келгенімен, өзін ер адам ретінде таныстырады. Оның әйелдер санатында өнер көрсетуіне FIS және ХОК тарапынан шектеу қойылмаған, себебі туған кездегі жынысы жарыс категориясына сәйкес келеді.
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан үш спортшы қатысқан. Бірінші іріктеуден өте алмағанымен, екінші қосымша іріктеуде жерлестеріміз финалға жолдама алды.
Алғашқы финалдық сырғанауда Галышева 14-орын, Городко 15-орын, Әмренова 18-орын алды.Алайда бұл нәтижелер сегіз үздік могулшы ғана шығатын негізгі финалға өтуге жеткіліксіз болды.
Енді отандастарымыз 14 ақпанда Олимпиада бағдарламасына жаңадан енгізілген параллельді могул жарысында жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, Юлия Галышева – 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері.