Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елдос Сметов туған ағасының қол астында жаттыға бастады

12.02.2026, 14:23

Дзюдошы таңғы жаттығуларын фитнес залда өткізіп жүр

Елдос Сметов туған ағасының қол астында жаттыға бастады
әлеуметтік желі

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қазіргі таңда өзіне жетекшілік етіп жүрген бапкері туралы айтты.

Белгілі балуан бұған дейін күнделікті жаттығу қарқынын күшейтіп, спорттық бабына қайта келу үшін бар күшін салып жатқанын жеткізген болатын.

«Бүгінгі таңғы жаттығу Жандос Сметовтің жаттығуларымен басталды», — деп жазды спортшы.

Қазіргі уақытта таңғы жаттығуларын фитнес залда өткізіп жүрген Елдос Сметов осы сәттен бейнежазба да жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін балуанның мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатыны хабарланған еді. Оның айтуынша, ол өткен жылы ел чемпионатынан кейін қайтадан жүйелі жаттығуға кіріскен. Сондай-ақ, Елдос Сметов белдесетін 60 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Аман Бақытжан Парижде өткен Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам