Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан кикбоксингінің аңызы Сабыржан Махметов өмірден өтті

15.02.2026, 21:23

Ол сондай-ақ Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде кеңінен танылды.

Қазақстан кикбоксингінің аңызы Сабыржан Махметов өмірден өтті
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық кикбоксингтің аңызы, жекпе-жек спортындағы ең беделді бапкерлердің бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Махметов өмірден өтті. Бұл туралы журналист Қанат Ескендір әлеуметтік желіде хабарлады.

Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек спортын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол сондай-ақ Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде кеңінен танылды.

Өз өмірін спортпен байланыстырған бапкер бұл саланың ауыр да жауапты екенін жиі атап өтетін.

«Менің саналы ғұмырымның барлығы кәсіби спорт әлемімен байланысты. Бұл салада екі ғана жол бар: жеңімпаз болу немесе жеңілу. Мұнда өтірікке де, жасандылыққа да орын жоқ. Спортта да, өмірде де талай сыннан өттім. Төзім мен сабыр үнемі сыналады. Тек өз күшіне сенетін, жауапкершілікті мойнына алатын адам ғана шыңға шыға алады. Ең бастысы - туған елге адалдық», - деп жазған еді ол.

Сабыржан Махметов өз жетістіктеріне жетуде әке тәрбиесінің маңызы зор болғанын да жиі айтатын.

«Әкемнің ақылы эмоцияны тежеп, мақсатқа шоғырлануға көмектесті. Ата-анам үнемі «кейін өзіңе де, бізге де ұят болмайтындай өмір сүр» деп үйретті. Әр адам арқылы халық пен ел бағаланады. Туған жерге деген махаббатты жүрегімде өмір бойы алып өтемін», — деген болатын марқұм.

Сабыржан Махметовтің қазасы –Қазақстан спорты үшін ауыр қайғы. Оның есімі мен еңбегі қазақ кикбоксингі тарихында мәңгі сақталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам