Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Әлсіздеу»: ресейлік әлем чемпионы Шайдоровтың өнеріне баға берді

15.02.2026, 23:07

Ол қазақстандық спортшыны алтын алады деп ешкім күтпегенін айтты. 

«Әлсіздеу»: ресейлік әлем чемпионы Шайдоровтың өнеріне баға берді
Сали Сабиров, ҚР ҰОК

Мұздағы билерден екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік спортшы Максим Ставиский Олимпиада-2026 ойындарында алтын алған қазақстандық Михаил Шайдоровтың еркін бағдарламасына баға берді.

Ставискийдің айтуынша, Шайдоровты чемпион болады деп ешкім ойламаған.

«Сырғанау техникасы жағынан ол сәл әлсіздеу. Бірақ Михаилден басқа ешкім секіру элементтерін алтынға жетерлік деңгейде орындай алмады. Өте өкінішті, себебі Адам, Малинин мен Кагияманың өнері ерекше ұнайды, бірақ Олимпиадада күйзеліс пен моральдық қысым қатты әсер етеді», ­– деді ол.

Еркін бағдарлама 13 ақпанда өткен. Нәтижесінде қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Шайдоров 291,58 ұпай жинады. Күміс пен қола жүлделер жапониялықтар Юма Кагияма мен (280,06) Сюн Сатоға (274,90) бұйырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам