Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресейде туған: Михаил Шайдоровтың сүйіктісінің кім екені белгілі болды

16.02.2026, 15:13

Ол да танымал спортшы. 

Ресейде туған: Михаил Шайдоровтың сүйіктісінің кім екені белгілі болды
instagram.com/aislumurzagalieva

Әлеуметтік желіде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеке өмірі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Атап айтқанда, спортшының сүйіктісіне қатысты ақпарат оқырман назарын аударды.

Instagram желісіндегі taby.nu парақшасының мәліметінше, су жаңа Олимпиада чемпионының сүйіктісінің есімі – Айсұлу Мырзағалиева. Ол да кәсіби спортшы, көркем гимнастикадан Азия чемпионы әрі ұлттық құрамадағы белді өкілдердің бірі.

Айсұлу спорт әлемінде бұрыннан танымал. Өзінің табандылығы мен еңбегінің арқасында ол халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Болашақ гимнаст Ресейдің Сочи қаласында дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап көркем гимнастикамен шұғылданып, жасөспірім шағында-ақ Ресей аумағында өткен түрлі деңгейдегі турнирлерде жүлде ала бастаған.

2015 жылы Айсұлу Алматыға келіп, қаланың ашық біріншілігінде топ жарды. Осы жарыста оның өнері отандық бапкерлердің назарын аударып, жас спортшыға Қазақстан атынан өнер көрсету туралы ұсыныс жасалды. Айсұлу бұл ұсынысты қабыл алып, сол жылы Астанаға көшіп келеді. Елордада «Жұлдыз» мектебінде жаттығып, нәтижесінде Әлем кубогы кезеңдерінде бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды.

Айтпақшы, Михаил Шайдоров Олимпиадада жеңіске жеткен сәтте Айсұлу Мырзағалиева оны алғашқылардың бірі болып құттықтап, әлеуметтік желіде жылы лебізін білдірді.

«Менің Олимпиада чемпионым! Өзі бәрінен тәтті», – деп жазды бойжеткен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам