Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қысқы Олимпиадада алғаш рет анасы мен ұлы бірге өнер көрсетті

17.02.2026, 08:44

Сара Шлепер ең жасы үлкен тау шаңғышысы ретінде тарихқа енді

Қысқы Олимпиадада алғаш рет анасы мен ұлы бірге өнер көрсетті
Әлеуметтік желі

Қысқы Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет анасы мен ұлы қатар сынға түсті. Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты ойындарында мексикалық тау шаңғышылары Сара Шлепер мен Лассе Хахиола жарыс жолына шықты.

46 жастағы Сара Шлепер тау шаңғысы сайыстарына қатысты. Алайда ол  1 минут 31,37 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, 26-орынды иеленді. Оның 18 жастағы ұлы Лассе Хахиола жарыс жолына шыққанымен мәреге жете алмады.

Шлепер - Олимпиада ойындарына тау шаңғысынан ең көп қатысқан әйелдер арасындағы рекорд иесі. Бұл оның жетінші Олимпиадасы болса, ұлы үшін бұл алғашқы Олимпиадаға қатысуы.

Сонымен қатар Сара Шлепер қысқы Олимпиада тарихындағы ең жасы үлкен тау шаңғышысы ретінде тарихқа енді.

Айта кететін жайт, спортшы бұған дейін АҚШ құрамасының намысын қорғаған. 2011 жылы мансабын аяқтағанымен, 2015 жылы үлкен спортқа қайта оралып, Мексика атынан өнер көрсете бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам