Алайда оның келесі клубы әзірге жарияланған жоқ.
Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова ағымдағы маусымды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдағанын айтып, кәсіби мансабын жалғастыратынын растады.
Спортшының айтуынша, Қазақстандағы волейбол маусымының аяқталуына шамамен бір ай қалған. Алайда ол белгілі себептерге байланысты маусымды ертерек тоқтатуды жөн көрген.
«Қазақстандағы волейбол маусымы бір айдан кейін аяқталады. Мен оны белгілі себептерге байланысты мерзімінен бұрын аяқтауды шештім. Мансабымды жалғастырамын ба? Әрине. Жаңалық күтіңіздер», – деп жазды Алтынбекова Instagram сторисінде.
Айта кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекованың 2025 жылдың күзінен бері ойнаған «Астана» клубынан кеткені белгілі болған еді. Қазақстандық командаға ауысқанға дейін ол Индонезияның Yogya Falcons клубында өнер көрсетті.
Осылайша волейболшы мансабын жалғастыруға ниетті екенін нақтылап отыр, алайда оның келесі клубы әзірге жарияланған жоқ.