Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Спорт вице-министрі танымал тұлғаларды букмекерлік компанияларды жарнамаламауға шақырды

12.02.2024, 15:34

Мамандар Қазақстанда лудомандар саны тым артып кеткенін айтып дабыл қағып отыр

Спорт вице-министрі танымал тұлғаларды букмекерлік компанияларды жарнамаламауға шақырды
Ortcom.kz

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев еліміздің танымал тұлғаларын құмар ойындарды жарнамаламауға шақырды.

Шенеунік ойын бизнесін мемлекет барынша қатаң бақылауға алу керек деп есептейді. Мұнай пікірін ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Менің азаматтық позициям – ойын және лотерея бизнесін мемлекет тарапынан барынша қатаң бақылауға алу», - деді ол.

Сондай-ақ, букмекерлік кеңселердің жарнамасына да шектеу қою керек дейді ол.

«БАҚ өкілдерін, әсіресе телеарналарды букмекерлік кеңселерді жарнамаламауға, сайттарда оның баннерлерін ілмеуге шақырамын. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларын тиімді бәс тігу туралы жарнамалық акцияны СМС арқылы таратпауға шақырамын. Танымал тұлғаларды букмекерлік компаниялармен жарнамалық келісімшартқа отырмауға, отырып қойса шұғыл түрде үзуге шақырамын», - деді Мирас Төлебаев.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары да қазір ойын бизнесіне қатысты заң жобасын әзірлеп жатқаны бұған дейін хабарланған. Депутаттар букмекерлік кеңселердің жарнамасын көшедегі билбордтардан, ресми БАҚ-тан алдыртып тастауға ниетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам