Жарыс 22 наурызға дейін жалғасады.
Қазақстан құрамасының екі дзюдошысы Тбилисиде өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінде жартылай финалға өтті.
60 келіде белдескен Талғат Орынбасар мен Нұрқанат Серікбаев (66 кг) іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, жартылай финалда белдесуге мүмкіндік алды.
Талғат Орынбасар Беларусь, Германия және Өзбекстан спортшыларынан басым түссе, Нұрқанат Серікбаев Франция, Әзірбайжан және Кипр балуандарын қапы қалдырды. Енді финал жолдамасы үшін Т.Орынбасар израильдік Ицхак Ашпизбен кездеседі. Ал Серікбаев Испания өкілі Гарсия Торнемен күреседі.
60 келіде Мағжан Шамшадин ширек финалға дейін жеткен еді. Отандасымыз іріктеу бәсекесінде Ресей және Грузия спортшырының жолын кесті. Алайда жартылай финалға шығар түста Израиль өкіліне жол берді. Енді Шамшадин жұбаныш белдесуінде Өзбекстан өкілімен шеберлік байқасады.
Сонымен бірге, 66 келіде Ақылжан Жұбатқанов Венгрия және Грузия балуандармен күрескен еді. Алайда, екінді белдесуінде отандық татами шебері осалдық танытып, ширек финалға шыға алмады.
Айта кетейік, 20-22 наурыз күндері Тбилисиде Гранд Слэм турнирі өтіп жатыр. Аталған сынға ҚР ұлттық құрамасы сапында 12 балуан аттанды.