Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Тбилиси Гранд Слэмі: дзюдошы Нұрқанат Серікбаев чемпион атанды

20.03.2026, 20:18

Ол 66 келі салмақта өнер көрсетті.

Тбилиси Гранд Слэмі: дзюдошы Нұрқанат Серікбаев чемпион атанды
ҚР ҰОК

Қазақстан дзюдошысы Нұрқанат Серікбаев Тбилиси Гранд Слэмінде топ жарып, кезекті рет үздік екенін дәлелдеді. 66 келіде татамиге шыққан тараздық балуан финалда Әзірбайжан балуаны Тұран Байрамовты юко ұпайымен жеңді. 

Осылайда ол Тбилиси Гранд Слэмінде екінші рет топ жарды. Бұған дейін Серікбаев 2024 жылы 60 келі салмақта аталған сында үздік шыққан болатын. 

Бүгін турнирде ұлттық құрама мүшесі Франция, Әзірбайжан және Кипр балуандарынан басым түсті. Ал жартылай финалда Испания өкілі Гарсия Торнеден вазари және юко ұпайлары бойынша қапы қалдырды. 

Сонымен бірге, 66 келіде Ақылжан Жұбатқанов Венгрия және Грузия балуандармен күрескен болатын. Бірақ, екінші белдесуінде отандық татами шебері осалдық танытып, ширек финалдан тыс қалды. 

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіде Талған Орынбасар Тбилиси Гранд Слэмінің қола жүлдесін иеленді. 

Дәстүрлі турнир 20-22 наурыз күндері Грузия астанасында жалғасады. Аталған сынға ҚР ұлттық құрамасы сапында 12 балуан аттанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам