Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Трансгендерлер Олимпиадаға қатыса ма? ХОК шешім шығарды

26.03.2026, 21:31

Енді әйелдер арасындағы жарыста өнер көрсету үшін спортшылар өз жынысын генетикалық тест арқылы растауы тиіс.

Трансгендерлер Олимпиадаға қатыса ма? ХОК шешім шығарды
Sarah Stier / Getty Images

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2028 жылдан бастап Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасындағы жарыстарға қатысу талаптарын қатаңдататынын мәлімдеді. 

Енді әйелдер арасындағы жарыста өнер көрсету үшін спортшылар өз жынысын генетикалық тест арқылы растауы тиіс.

Ұйым хабарлауынша, бұл талаптың әуесқой спортқа қатысы жоқ. Яғни жаңа ереже тек болашақ Олимпиада ойындарына қатысатын кәсіби спортшыларға қолданылады.

ХОК мәліметінше, генетикалық тексеріс барысында SRY гені бойынша теріс нәтиже көрсеткен спортшылар әйелдер санатында жарысқа қатысу талаптарына толық сәйкес келеді. Ал егер бұл ген анықталса, спортшыға әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға рұқсат берілмейді. Тек жыныстық дамудың сирек ерекшеліктері (DSD) бар жағдайларда ғана ерекше шешім қабылдануы мүмкін.

Сонымен қатар андрогенге сезімтал спортшылардың өнер көрсетуіне де шектеу қойылады.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай генетикалық тестілеу бокс пен жеңіл атлетикада енгізілген болатын. Ал 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған боксшылар Иман Хелиф пен Линь Юйтин 2023 жылы дәл осы хромосомалық сәйкессіздікке байланысты әлем чемпионатынан шеттетілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам